«Қазақстандағы қорықтар.Толықтауыш». LS сабақ » А.Қастеев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Қастеев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақстандағы қорықтар.Толықтауыш». LS сабақ
25
январь
2024

«Қазақстандағы қорықтар.Толықтауыш». LS сабақ




           Жетісу облысы,Панфилов ауданы, Әбілхан Қастеев атындағы орта мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі 2024 жылдың   23 қаңтар күні  8 «А» сыныбымен    «Lesson study» зерттеу сабағын өткізді. Зерттеу сабағының  тақырыбы: «Қазақстандағы қорықтар.Толықтауыш». Сабақ мақсаты: «8.4.4.2 тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерді сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану; 8.2.5.1.перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру». 
        Сабақ басында мұғалім оқушылардың сабаққа даярлығын тексеріп, оқушыларды түгендеді.  Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында оқушыларға туған жер туралы бір шумақ өлең жолдарын оқытты. Бұл кезеңде оқушылардың назары шоғырланып, сабаққа деген ынтасы артты. «Жұқа және қалың сұрақтар» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрады. Оқушылардың көбісі сабаққа   дайындалып келген.  Сұраққа жақсы жауап беріп отырды. 
        Жаңа сабақтың тақырыбын білу үшін ой қозғау  ретінде  интерактивті тақтадан Қазақстан қорықтары белгіленген карта   көрсетілді. Оқушыларға жетекші сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтады. Бұл кезеңде  оқушылар еш қиындықсыз сабақ тақырыбын анықтады. Мұғалім оқушыларға сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстырып өтті. Кесте арқылы бүгінгі грамматикалық тақырып толықтауыш туралы түсінік берді. 
        Қорықтар турлы бейнекөрініс көрсетіліп,  оқушылар «Түртіп алу» әдісі   арқылы  маңызды ақпараттарды дәптерлеріне  түртіп жазып отырды.  Бұл әдіс сабақта тиімді болды, бірақ тапсырма орындауға уақыт көп жұмсалды.  Оқушылар бейнекөріністен жазып алған ақпараттарымен бөлісті. Мұғалім қосымша Қазақстанның қорықтарының жер көлемі орналасқан аумағы туралы ақпарат беріп өтті. Бейнекөрініс бойынша сұрақтар қойылды.  Оқушылар кестедегі мәліметтерді оқып, картадан сол қорықтың орналасқан аймағын тауып, белгі қағаздар  жапсырып отырды. Мұғалім тарапынан өз ойын дұрыс  білдіріп, талқылауға қатысқан оқушыға «Жарайсың!», «Өте жақсы» деген   сияқты сөздерді айтып, оқушыны мадақтап ынталандырып отырды.
          2-тапсырма бойынша, «Ойлан, жұптас, топтас» әдісі қолданылды. Әр топқа жеке шағын оқылым мәтіні бөліп берілді. Оқушылар мәтінді оқып топпен  мазмұндады. Мәтін мазмұны бойынша перифраз тәсілдерін  пайдаланып сұрақтар құрастырды.Тапсырма алдында мұғалім перифраздың көрсетіп, түсіндіріп өтті.   Жұпта бір-біріне  құраған сұрағын қойып, сұраққа  жауап берді.  Оқушылар перифраз тәсілін қолданып сұрақ құрауда қиналды. Осы тапсырманы орындауда уақыт тығыз болды. 
        3-тапсырма бойынша,  үш топқа үш мақал берілді.  Оқушылар мақалдарды сөйлем мүшесіне қарай талап, тура және жанама толықтауышты тапты. Кейбір оқушылар тура және жанма тоқықтауышты анықтауда қиналғаны байқалды. 
«Сұрақтар арқылы сөйлем құрау» әдісі бойынша   «Кім? Нені? Не істеді?; Кім ? Кімге? Нені? Не істеді?;  Не?Неден? Не істеді?» сұрақтары беріліп, оқушылар сұрақтар бойынша үш сөйлем құрады. Бұл тапсырмада да уақыттың тығыздығы байқалды. 
         «3-2-1» әдісі арқылы  оқушылардан кері байланыс алды. Оқушылар сабақта алған үш маңызды ақпарат, екі қиындық тудырған аспект, бір жетістігі турлы ой бөлісті.  Кері байланыс алу барысында оқушылардың перифраз тәсілі арқылы сұрақ құрастыру, мен сөйлем мүшесіне талдау кезінде қиналғаны байқалды.   Үйге табиғатқа байланысты тиым сөздерді  тауып жазып келу берілді.
        Жалпы сабақ жоғарғы деңгейде, ғылыми түрде құрылған. Мұғалім жаңа тақырыпты жақсы түсіндірді. Оқушылар да сабаққа белсенді қатысып отырды.  Сабақта қолданылған әдістер мен көрнекіліктер тиімділігін көрсетті. Сабақ өз реттілігімен, жақсы өтті. Мұғалім әр тапсырмадан кейін оқушылрға кері байланыс беріп, мадақтап отырды. Сабақты бағалау парағы арқылы оқушылар әр тапсырмадан кейін өз білімдерін бағалап отырды. Сабақ  тартымды өтуімен қатар,жас мұғалімдеріміздің біліміне білік қоса түсетін сабақ болды деп айтсақ артық болмас.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив