«Табыс септік» LS сабақ » А.Қастеев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Қастеев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Табыс септік» LS сабақ
30
январь
2024

«Табыс септік» LS сабақ

Касымбекова Махаббат Мухаметкалиевнаның  LSзерттеу сабағына рефлексивті  есебі

2024 жылы 24-қаңтар күні Қазақ тілі пәнінен «Табыс септік» тақырыбында сабақ өттім.


         L.S. зерттеу сабағында сын тұрғысынан ойлау дaғдылaрын кеңінен қолдана отырып  "Көршіңмен бөліс"әдісі арқылы үй тапсырмасын тексердім.  

Тaқыpыпты aшy үшін «Зат есімнің септелуі» атты бейнеролик көрсету арқылы оқушылардың зейінін сабаққа аударып алдым. «Мюнстерберг» әдісі жаңа сабақтың тақырыбын aшуғa мүмкіндік бeрді. Жаңа сабақтың тақырыбын анықтап алып, табыс септігінің ережесімен таныстырдым.

Жаңа сабақ

«Білу және түсіну» Оқулықпен жұмыста 51-жаттығу бойынша мәтінді аудиожазбадан тыңдауды ұсындым. Бұл тәсіл арқылы, оқушылар аудиожазбаны   мұқият тыңдап, тыңдалған мәтін бойынша өз ой пікірлерімен бөлісті.


Топтық жұмыс

54-жаттығу 

Әр топ өздеріне берілген сөзге табыс септігінің жалғауын жалғап,сол сөзден сөйлем құрап жазу тапсырылды. Табыс септіктегі сөздің қай сөзбен байланысатынын сызбамен көрсетіп,берілген кесте бойынша талдау ұсынылды.Топ мүшелері бірлесе отырып тапсырманы толық орындап,қорғады.

Сергіту сәті «Әуеннен қалма!» әуен ырғағымен бірге қимыл-қозғалыс жасап сергіп қалды. Өте көңілді болды.

Жұптық жұмыс

«Жұмыртқа аршу» арқылы зат есімнің септелуі туралы алған білімдерін дамыту мақсатында тапсырма бердім.Әр жұп өзіне берілген тапсырманы орындау үшін,жұмыртқаны ашып тапсырманы орындайды. Берілген сөзді септеп жазып шықты.Барлық жұп жауаптарын оқып таныстырды.

52-жаттығу Дәптермен жұмыс/Тақтаман жұмыс/

Сөйлемдерді көшіріп жазып.табыс септігіндегі сөзді тауып,сұрақ қойып ,сөз құрамына талдады.

Жаңа сабақты бекіту мақсатында «Көгершіннен хат» әдісі өте тиімді болды.Себебі әр оқушы көгершін тапсырмаларын орындап,ережелерді еске түіріп ,мысалдар келтірді. ЕБҚЕО оқушыларға табыс септігіне қатысты сөйлем құрау тапсырылды.

 Бәрі жоғары белсенділік танытты

Сабақ соңында кері байланыс пен өзін-өзі бағалау «Ми» әдісі арқылы жүзеге асырылды. Әр оқушы тапсырмалар бойынша жинаған балдарын айтып,бүгінгі сабақтан алған әсерлерін шамдарды бояу арқылы жеткізді.

Сабақтағы тиімсіз әдіс «Өзін-өзі бағалау» топтық жұмыста нақты болмады.  Келесі сабақта топтық жұмыста топ мүшелерін топбасшыға бағалату ескеріледі.Әлі де болса өзін –өзі нақты бағалауға оқушыларды төселдіре түсу қажет деп шештім.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив