Қыз тәрбиесі ұлт тәрбиесі
«Қызға айтар ақыл бар»
Мақсаты:Қыз балаларға адамгешілік,адалдық,іс-қимыл,жүріс-тұрыс дағдысы,қыз намысы,сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани-адамгершілік,әдептілік,сыпайлық,тиянақтылық,имандылық,тазалық қасиеттерді дамыту.Жеке бас гигиенасын сақтауға,әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:интерактивті-мультимедиялық кабинет жабдықтарын пайдалану.
Әдісі:пікірлесу,әңгімелесу,сұрақ-жауап,салыстыру
Формасы:Дебат сабақ
Барысы:
Қыз емес,қыздың аты-қызыл алтын,
Көрінер туған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар!Бүгін мектебімізде осынау нәзік жандар,әсем арулар тақырыбына арналған «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» атты дөңгелек үстелге қош келдіңіздер!
Халқымыз «қыз- қонақ» деп,төрінен орын беріп,қыздарды алтынның сынығына балап өсірген.Жалпы бала тәрбиесіне,соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген.Ата-бабаларымыз «Қызға қырық үйден тыю,қала берсе қара күңнен тыю»деген мақалға қанша ой сыйғызған.Яғни қыз бала тәрбиесіне тек ата-анасы жауапты емес,бүкіл ауыл,ел жауапты болып отыр.
Қазақ қыздарын бала күнінен еркелетіп,бетін қақпай өсірген.Бұл қыз бала тәрбиесіне көп көңіл бөлгендігін аңғартады.Сондықтан да,тәрбиелі,инабатты,намысты,ибалы арулар қазақ отбасында тәрбиеленіп шығады.Жастықтың өзі –сұлулықтың,нәзіктіктің белгісі.Қыз балалардың көрікті болып өсуіне ертеде аналары ерекше көңіл бөлген. «Аттың көркі-жалы,арудың көркі -шашы» деп ұққан аналар қыздың шашын дұрыстап күтіп-өсіруді өнер санаған. Халық арасында бойжеткен қызды ажарына қарай жетіге бөлген:
Әдемі қыз-баппен сөйлеп,биязы күліп,жақсы-жаманның жөнін біліп тұратын.Көрікті қыз-істі үйіріп,сөйлесе бұйырып,баурап алатын,бірден көзге түсе қоймайтын,Шырайлы қыз-көз жанары өткір,бет-әлпеті балбұл жанған,тәні шымыр.Сұлу қыз-сөзі өткір,өзі пысық,өрескелдікті сүймейтін,болмашыға пісіп-күймейтін,келбетті.Ару қыз-бет пішіні,дене мүсіні келіскен,сөзі сыпайы,өзі әдепті,сұңғақ бойлы,терең ойлы.Ажарлы қыз-дене бітімі жинақы,тығыршықтай,сөзі салмақты,ісі тиянақты.Әсем қыз-жүзі жылы,өзі ұяң,тәні нәзік.
Олай болса,Қыз бала тәрбиесі тақырыбына байланысты бейнекөрінісімізге назар аударайық.
Осында отырған қыздарымыз бұл бейнекөрініс туралы не ойлайды екен,қыздарымыздың ой-пікірлерін білсек...
Қыздарымызға сұрақ: Ой толғау Сұрақтар
1.Қазақ отбасында қыз баланы қалай тәрбиелеген?
Жауап:Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі тәрбие.Ата-ананың міндеті-жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын,адамшылық,адамгершілік,инабаттылық сыйлау қасиеттерін сіңіру.Әсіресе қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады.Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған,оның көңілін қалдырмаған,оған қарсы сөйлемеген,оны мәпелеп өсірген және де қатал ұстап,оның тәрбиесіне ереше көңіл бөліп қараған.
2.Қыздарға байланысты қандай тыйым сөздерді білесің?
Қыздарымыздың ибалы хәм иманды,тәрбиелі болуына пайдасы тиер деген оймен ес біліп,етек жиған әрбір қыз өзі барған әрбір үйде мынадай қырық істен тыйылу керек немесе барған үйлері тыю керек деп қараған.Олар:Жарыса сөйлеуге,жалғыз қыдыруға,бақаларға қол тигізуге,өтірік өсекке,кісіге қарай керіліп есінеуге,талтайып отыруға,шалқайып жатуға,үлкендердің жолын кесіп атын атауға,ұрыс-керіске,әдепсіз сөзге,алдап-арбауға,қызғаншақтық пен күншілдікке,менмендік пен өзімшілдікке,кісіні қорлап жәбірлеуге,шектен тыс сыланып жасануға,түнде суға жалғыз баруға,салт-дәстүрден аттауға,түске дейін ұйықтауға,тамақты обырлана асауға,бұраңдап қылмысуға.т.б.Бұл тыйым сөздердің мағынасын түсініп есте сақтау қажет.
Бүгінгі дөңгелек үстелімізге аналарымыз,ұстаздарымыз келіп отыр.Осы кісілердің ой-пікірлерін тыңдайық.
Ұлағатты ұстаз ___________ апай мына бейнекөріністі көре отырып,қазіргі кезде қыз балалардың тәрбиесінде алаңдататын қандай нәрселер бар деп ойлайсыз?
Жүргізуші.Тәңірінен болғанымен таңғы асы
Аналардан бастау алар ар басы-дей келе бүгінде асыл ана,аяулы әже атанып отырған Мақтагүл апай:Сіздердің кездеріңізде қыздардың тәрбиесі қандай еді?Қазіргі ақпараттық кезеңдегі қыз бала тәрбиесінің айырмашылығы неде?Бөліскен ойыңызға рахмет.Сіздің айтқан әңгімеңізден біз талай нәрсе ұққандай болдық.Сізге шығармашылық табыс тілейміз.
Жүргізуші:____________ апай қызыңыз сізбен еркін сырласа ала ма?
Жүргізуші:Мектеп өмірінде тәрбие шарасына қыздар көп араласады.Ұл мен қыз тәрбиесінің айырмашылығы неде деп ойлайсыз?-____________апай.Сөз кезегі өзіңізде.
Сұрақ:Гүлбаршын апай Мектебіміздегі қыздардың тәрбиесіне көңіліңіз тола ма?
Жүргізуші:Ортамызда қыз бала өсіріп келе жатқан жас аналарымыз отыр соларға қыз тәрбиесінде қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?-Клара апай.
Жүргізуші:_____________Ата-бабамыздың тәрбиесі мен қазіргі тәрбиенің айырмашылығы бар ма?Бар болса неде?
Осындай ақыл-кеңестеріңізбен,өз ойларыңызды бөліскендеріңіз үшін сіздерге рахмет.
Дана халқымыз: «Қыз өссе-жердің көркі», «Шешесі отырып,қызы сөйлегеннен без», «Қызым саған айтам,келінім сен тыңда» демекші,ата-бабаларымыз қыз баланың тәртібі мен тәлім-тәрбиесін жоғары бағалап,қыздарды адамгершілікке,ізгілікке,әдептілікке,ар-ұяттылыққа,нысаптылыққа,мәдениеттілікке,тәртіптілікке,еңбекшілдікке,сұлулыққа,сымбаттылыққа баулып отырған.Әрбір ата-ана Аллах тағаладан жақсы перзент беруін тілейді.Сол баланы тәрбиелеу,оны жетілдіру өте маңызды.Дініміз Исламда бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі.Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай дейді: «Кімде-кім үш қыз өсіріп,оларға жақсы тәрбие берсе және оларды жақсы жерге тұрмысқа берсе,жақсылық жасаса,Аллах тағала ол кісіні жәннатына кіргізеді».
Бүгін біз қыз бала тәрбиесіне қатысты көптеген ойларымызды ортаға салдық,ендігі кезек «Жағдаяттан қалай шығасың?» ситуациялық сұрақтар
1.Сен көшеде өтіп бара жатырсың.Көшеде екі оқушы бала төбелесіп тұр.Сен оларға не айтасың немесе қасынан өтіп кете бересің бе?
2.Сен қоғамдық орында келе жатырсың.Алдыңнан екі қыз темекі тартып,жерге қоқыстарды лақтырып келе жатыр.Сен қандай күйде боласың?Қоқыстарын қоқыс жәшігіне саласың ба?Қандай әрекет жасайсың?
3.Қыз бала тәрбиелеуде мектеп пен отбасының қайсысының міндеті көбірек,неліктен?
4.Сен университетке асығып,кешігіп бара жатырсың.Университетке жетуіңе бір ғана аялдама қалды.Автобустан бұрынғы оқушы кезіндегі мұғаліміңді көрдің,бірақ ол кісі сені байқамады.Сен не істер едің?Барып амандасасыңба немесе автобустан түсіп жүре бересің бе?
5.Сен үйде жалғызсың.Бір мезетте саған достарың кинотеатрға барайық деп телефон шалды.Сен ата-анаңа звандап ескертейін десең телефондарын үйге тастап кеткен.Сен не істейсің?Ескертпей кете бересің бе немесе үйде қалып қоясың ба?
Бүгінгі «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» атты дөңгелек үстелге алтын уақыттарынңызды бөліп,өздеріңіздің құнды пікірлеріңізбен бөліскендеріңіз үшін рахмет
«Қыз-ұлттың жаны» демекші,ата-аналардың аяулысы,құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы,даламыздың гүлі,өміріміздің сәні бола беріңіздер!
Жасөспірім шақта отбасында сааналы тәрбие,мектепте сапалы білім алып,қоғамның жеке дербес тұлғасы ретінде қалыптасып,келешекте білікті маман болып,елінің дамуына өз үлесін қосатын азаматшалары атанулары тиіс қой деген қорытынды пікірге келіп бүгінгі «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» атты дөңгелек үстелімізді келесі бейнероликпен аяқтаймыз.
«Ә.Қастеев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» отдела образования Кербулакского района
Қызға айтар ақыл бар
(семинар-тренинг)
Мектеп психологтары:Найманбай М
Беделбай Ғ.Б