«Жақсы көңіл-күй,жан-азығы» » А.Қастеев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Қастеев атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » «Жақсы көңіл-күй,жан-азығы»
06
April
2022

«Жақсы көңіл-күй,жан-азығы»

«Ә.Қастеев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» Education Department of Kerbulak district
«Жақсы көңіл-күй,жан-азығы» 
    (жас мамандармен тренинг)
 Мектеп психологтары:Найманбай М
                          Бердыгулова А.Н
2021-2022 оқу жылы
Тақырыбы: «Жақсы көңіл-күй,жан-азығы»
Мақсаты:Teachersдің эмоционалды және психологиялық көңіл-күйлерін көтеруге,кәсіби жанудың алдын алу,өздеріне құрметпен қарау,жақсы қарым-қатынас орнату.
 Көрнекілік құралдар:музыка аппараты,баяу әуенді диск,түрлі-түсті шарлар,қарындаш,ақ парақ.
Сабақ барысы:
  1. «Амандасу» жаттығуы.
  2. Дыбыстық жаттығу.
  3. «Жасырын хат» жаттығуы
  4. «Шардан шашу шашамын» Сұрақ-жауап.
  5. «Өзіңді білгің келсе...» диагностикасы
  6. «Әріптер сөйлейді» жаттығуы
  7. «Үй,адам,жер сілкінісі» жаттығуы
   8.«Өз портретім» жаттығуы
Бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге,өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге,өз-өзіңізге құрметпен қарауға,бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған  «Жақсы көңіл-күй,жан-азығы» атты  тренинке қош келдіңіздер!
  1. «Амандасу» жаттығуы
Мақсаты:Бір-біріне деген мейірімділікті қалыптастыру.
Сәлем-сөздің анасы демекші келіңіздер бәріміз бір-бірімізбен амандасып алайықшы. Екі –екіден жұптасып тұрып алыңыздар.Қазір біз қалай амандасу керектігін айтамыз сол бойынша қимыл жасауларыңыз керек.(Бетті-бетке тигіземіз,мұрынды-мұрынға,құлақты-құлаққа,басты-басқа,иықты-иыққа,аяқты-аяққа,тізені-тізеге тигіземіз).
2. «Дыбыстық жаттығу».
Мақсаты:дыбыстық гимнастикамен таныстыру,рух пен дененің тынығуы.
Нұсқаулық:Өзімізді бірқалыпты,жайлы сезінеміз,тік тұрамыз,арқамызды тік ұстаймыз.Алдымен мұрнымызбен терең дем аламыз,ал дем шығарғанда дыбысты қатты әрі қуатты етіп шығарамыз.Деміңізді мұрныңызбен ішке тартып,демді сыртқа шығарар кезде қатты бар даусыңызбен 
«А»- дыбысын айтыңыз-ол бүкіл денеңіздің сауығуына көмегін тигізеді.
«Е»-қалқанша без жұмыстарына әсер етеді.
«И»-миыңызға,көзіңізге,құлағыңызға.
«О»-жүрегіңіз бен өкпеңізге
«У»-асқазан маңындағы дене мүшелеріңізге 
«Х»-денеңіздің тазаруына 
«ХА»-көңіл-күйіңіздің көтерілуіне.
Осы жаттығуды жаттап алып,әркезде орындап отырыңыздар,денсаулығыңыз өз қолыңызда,эмоционалдық стресске шалдықпаудың алдын аламыз.
3-кезең «Жасырын хат» деп аталады.
Ерте,ерте ертеде …. әлі адамдар әріп танымаған уақытта да олар бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Себебі олар сурет салуды біліпті. Біз бүгін соны үйренетін боламыз. Мына ақ беттерге топ болып ақылдасып, сіз таңдаған карточкадағы жағдай іс-әрекетті сурет арқылы өз қарсыластарыңызға жеткізетін боласыздар.Ол үшін әр топтан бір мұғалім келіп,жағдаяттарды таңдаңыздар.Суретте ешқандай әріп қолданбаймыз,тек сурет арқылы жеткізесіздер.Қарсылас топ сіздің суретіңізден сіздің не айтқыңыз келгенін ұғу керек.Кәне олай болса бастайық.
1.Бүгін маған сағат 18:00 де телефон соқшы.
2.Ертен жұмыстан кейін кинотеатрға барайық.
3.Жексенбі күні сағат 15:00те менің туылған күніме кел.
3. «Шардан шашу шашамын» Сұрақ-жауап
Мақсаты: «Жақсы көңіл-күй,жан шуағы»демекші сіздерге жақсы көңіл-кhouseсыйлау үшін шардан шашу шашамын.
Нұсқау:Бәріміз бір-бір шардан аламыз.Кейбір шарларда сұрақтар беріледі.Сіздер сұрақты оқи отырып тезірек жауап береміз.
1.Есікті ашу үшін не қажет? (Есіктің жабық болуы қажет)
2.Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не?(Өмір)
3.Қай айда 28 күн бар?(Барлық айда)
4.Бір бөлмеде 9 свеча жанып тұр,үшеуін сөндірсек қаншауы қалады? 
(Үшеуі қалады,қалғандары жанып,таусылып жоқ болады)
5.Елімізде талдармен жасалған қорған қай қалада?(Талдықорғанда)
6.Тарихта ең үлкен қалпақ киген кім? (Басы ең үлкен адам)
7.Адам нені бұзғанда қуанады? (Рекорд)
4. «Өзіңді білгің келсе...» диагностикасы
Сурет салу: күн, тау,үй, ағаш, қапшық, жол , сақина, гүл, жылан.
-Егер Күн  дәл ортасына салынса-жастық шағы қызықты, ал шығысқа салынса –балалық шағы қызықты, батысқа салынса- кәрілік шағы қызықты өтеді.
-Тау дөңгелек салынса- мінезі жұмсақ, мейірімді, сенгіш. Егер тау ұшты болса, өкпелегіш, тік мінезді адам. Егер аралас салынса – басында қар болса, өзгермелі адам.
-Үй- суретте ағаш houseсалынса, арманның орындалады. Егер бір терезе салынған балса, өзіне  жақын бір адам туралы көп ойланады. Егер  бірнеше терезе болса  және жапқыштары болса, ол тұйық, сақ адам. Үйдің  төбесінде  мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын, өсек құмар адам.
-Ағаш біреу болса, өзінің  сүйіктісіне ұнайды. Егер бірнешеу болса балаларды жақсы көреді, оларға уақыт бөледікөп көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді,қаншалықты әдемі салынса сұлулыққа соншалықты құштар.
Қапшық- қалта қаншалықты үйге жақын жатса,  байлық та жақын. Керісінше болса бәрі керісінше.. Егер қапшық аузы байлаулы болса сараңдық, Қапшық жерде жатса, жалқау, түрігеліп тұрса еңбекқор.
-Жол- үйге  жақын жатса- жолы жеңіл,  алыс болса керісінше. Егер жол үйдің есігінен  шықса  тапқан табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса шашпа, айналасына тарататын адам.
Сақина-көзсіз болса қонақ қабылдағанды, қонақ шақырғанды ұнататын адам. Көз болса  болашақты 
Ойлайды, капитал жинайды.Неке жүзігі мықты отбасын білдіреді.
Гүл- үйге жақын орналасса  қуаныш той болады, үйдің жиегінде орналасса,қызықты күндерің жақын.
Жылан- үйден алыс салынса, жауларың алыс, егер жақын орналасса көреалмаушыларың айналаңда.Суретте қайсысы үлкен салынса сенің өмірің  үшін маңызы зор.
5.«Әріптер сөйлейді» жаттығуы
Мақсаты:Көңіл-күйді көтеру,Ойлау қабілетін, шапшаңдығын арттыру.
Сіздерге Ж,Қ,А әріптері берілді.Мен қандай сұрақ оқысамда осы әріптерден басталатын жауап қайтарасыздар.
1.Тренингке кіммен келдіңіз?
2.Жақсы көретін түсіңіз қандай?
3.Жасыңыз нешеде?
4.Өздеріңізді 10 жылдан кейін қалай елестетесіздер?
5.Қай жерге саяхаттағанды ұнатасыз?
6.Бос уақытыңызда немен айналысасыз?
7. Өзіңіздің бойыңыздан қандай қасиет көргіңіз келеді?
6.«Үй,адам,жер сілкінісі» жаттығуы
Мақсаты:Сергіту арқылы еркін әрекет етуге үйрену
Жүргізуші «Үй» дегенде екі адам бірігіп шатыр құрады. «Адам» дегенде екі адам бірігіп,ортасына адам кіреді. «Жер сілкінісі» дегенде бейтарап болып жүреді.Қалып қалған адам оқушылардың тапсырмасын орындайды.
7.Қорытындылау. «Өз портретім» жаттығуы
Қолдарыңыздағы ақ парақты бастарыңызға қойып,музыкаға билеп жүріп өз портреттеріңізді саласыздар.Суретті салып болғаннан кейін бәріміз салған суреттеріңізді   көрсетесіздер.Кімнің суреті әдемі шықса сол суретке қошеметімізді білдіреміз.Барлықтарыңыздың суреттеріңіз тамаша керемет.Рахмет әріптестер!
Қорытынды: Жақсы көңіл күй, жан азығы демекші  жандарыңыз таза, көңіл күйлеріңіз көтеріңкі  болсын құрметті әріптестер! 
Шаршаған   күйзелістеріңізден  серігіп қайттыңыздар  деп ойлаймын. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив