5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі
«Ә.Қастеев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» Education Department of Kerbulak district
Анықтама
5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуін анықтау мақсатында бірнеше сауалнамалар алынды.
Өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау мақсатында «Шеңбер ішінен біреуін боя» тесті,Топ оқушылары арасындағы қарым-қатынасты зерттеу мақсатында «Социометрия» әдісі,Оқушылардың оқу мотивациясын анықтау мақсатында «Мектеппен өзара байланыс»,Пәндерге деген қызығушылығын анықтау мақсатында «Сабаққа көзқарасың қалай?» сауалнамалары алынды.
1. «Шеңбер ішінен біреуін боя» графикалық тестінің қорытындысы бойынша:
5«а» сыныбында жоғары деңгей көрсеткен оқушылар саны-7,орта деңгей-10,төмен деңгей-7 екендігі анықталды.
5 «ә» сыныбында жоғары деңгей-8,орта деңгей-17,төмен-1.
5 «б» сыныбында жоғары-15,орта-9,төмен-4 екендігі анықталды.
2. «Социометрия» тестінің қорытындысы бойыннша:
5«а» сыныбында лидер оқушылар-2,беделділер-4,орта беделділер-16,шеттеп қалғандар жоқ.
5«ә»сыныбында лидер-4,беделділер-7,орта беделділер-10,шеттеп қалғандар-3.
5«б» сыныбында лидер-2,беделділер-7,орта беделділер-6,шеттеп қалғандар-4.
3. «Мектеппен өзара байланыс» сауалнамасының қорытындысы бойынша:
5 «а» сыныбында жоғары-16,орта-7,төмен жоқ.
5 «ә» сыныбында жоғары-19,орта-7,төмен жоқ.
5 «б» сыныбында жоғары-20,орта-7.Тест қорытындысы бойынша оқушылардан мектепке теріс қарым-қатынас байқалмады.
4. «Пәндерге қызығушылық» тестінің қорытындысы бойынша:
5«а», «ә» сыныптарының қиналатын пәндері:орыс тілі
5«б» сыныбының қиналатын пәндері:ағылшын екендігі анықталды.
Қорытынды:Жалпы оқушылардың психологиялық ахуалы жақсы және оқушылар орта буынға бейім.
Ұсыныс:Пән мұғалімдеріне пәндерге бейімделуде қиындықтар туындаған оқушылармен жекелей қосымша сабақтар жүргізу ұсынысы айтылды.
Мектеп психологтары:Найманбай М
Беделбай Ғ.Б