Психолог бұрышы - А.Қастеев атындағы орта мектеп https://kasteev-panfilov.mektebi.kz/ ru Психолог бұрышы - А.Қастеев атындағы орта мектеп DataLife Engine Абдувалиев К. уақытша үйден https://kasteev-panfilov.mektebi.kz/main/192-abduvaliev-k-uaytsha-jden.html https://kasteev-panfilov.mektebi.kz/main/192-abduvaliev-k-uaytsha-jden.html admin Mon, 15 Jan 2024 16:32:47 +0600 Хамраева Д. уақытша үйден оқитын https://kasteev-panfilov.mektebi.kz/main/196-hamraeva-d-uaytsha-jden-oityn.html https://kasteev-panfilov.mektebi.kz/main/196-hamraeva-d-uaytsha-jden-oityn.html admin Mon, 08 Jan 2024 16:41:19 +0600 Дәулеткелді А. уақытша үйден оқу https://kasteev-panfilov.mektebi.kz/main/191-duletkeld-a-uaytsha-jden-ou.html https://kasteev-panfilov.mektebi.kz/main/191-duletkeld-a-uaytsha-jden-ou.html admin Mon, 04 Dec 2023 16:29:36 +0600 Болат Мадияр үйден оқыту https://kasteev-panfilov.mektebi.kz/main/190-bolat-madijar-jden-oytu.html https://kasteev-panfilov.mektebi.kz/main/190-bolat-madijar-jden-oytu.html admin Fri, 08 Sep 2023 16:24:04 +0600 Мұрат Назар https://kasteev-panfilov.mektebi.kz/main/195-mrat-nazar.html https://kasteev-panfilov.mektebi.kz/main/195-mrat-nazar.html admin Mon, 04 Sep 2023 16:39:42 +0600 Мағауия Р. үйден оқу https://kasteev-panfilov.mektebi.kz/main/193-maauija-r-jden-ou.html https://kasteev-panfilov.mektebi.kz/main/193-maauija-r-jden-ou.html admin Mon, 04 Sep 2023 16:35:43 +0600 Психологтың жылдық жоспары https://kasteev-panfilov.mektebi.kz/main/213-psihologty-zhyldy-zhospary.html https://kasteev-panfilov.mektebi.kz/main/213-psihologty-zhyldy-zhospary.html ]]> ]]> admin Mon, 04 Sep 2023 10:12:56 +0600 Матали Ө. үйден https://kasteev-panfilov.mektebi.kz/main/194-matali-jden.html https://kasteev-panfilov.mektebi.kz/main/194-matali-jden.html admin Sat, 02 Sep 2023 16:37:22 +0600 Қыз тәрбиесі ұлт тәрбиесі https://kasteev-panfilov.mektebi.kz/main/119-yz-trbies-lt-trbies.html https://kasteev-panfilov.mektebi.kz/main/119-yz-trbies-lt-trbies.html «Қызға айтар ақыл бар»

Мақсаты:Қыз балаларға адамгешілік,адалдық,іс-қимыл,жүріс-тұрыс дағдысы,қыз намысы,сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани-адамгершілік,әдептілік,сыпайлық,тиянақтылық,имандылық,тазалық қасиеттерді дамыту.Жеке бас гигиенасын сақтауға,әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:интерактивті-мультимедиялық кабинет жабдықтарын пайдалану.

Әдісі:пікірлесу,әңгімелесу,сұрақ-жауап,салыстыру

Формасы:Дебат сабақ

Барысы:

Қыз емес,қыздың аты-қызыл алтын,

Көрінер туған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын.

Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар!Бүгін мектебімізде осынау нәзік жандар,әсем арулар тақырыбына арналған «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» атты дөңгелек үстелге қош келдіңіздер!

Халқымыз «қыз- қонақ» деп,төрінен орын беріп,қыздарды алтынның сынығына балап өсірген.Жалпы бала тәрбиесіне,соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген.Ата-бабаларымыз «Қызға қырық үйден тыю,қала берсе қара күңнен тыю»деген мақалға қанша ой сыйғызған.Яғни қыз бала тәрбиесіне тек ата-анасы жауапты емес,бүкіл ауыл,ел жауапты болып отыр. 

Қазақ қыздарын бала күнінен еркелетіп,бетін қақпай өсірген.Бұл қыз бала тәрбиесіне көп көңіл бөлгендігін аңғартады.Сондықтан да,тәрбиелі,инабатты,намысты,ибалы арулар қазақ отбасында тәрбиеленіп шығады.Жастықтың өзі –сұлулықтың,нәзіктіктің белгісі.Қыз балалардың көрікті болып өсуіне ертеде аналары ерекше көңіл бөлген. «Аттың көркі-жалы,арудың көркі -шашы» деп ұққан аналар қыздың шашын дұрыстап күтіп-өсіруді өнер санаған. Халық арасында бойжеткен қызды ажарына қарай жетіге бөлген:

Әдемі қыз-баппен сөйлеп,биязы күліп,жақсы-жаманның жөнін біліп тұратын.Көрікті қыз-істі үйіріп,сөйлесе бұйырып,баурап  алатын,бірден көзге түсе қоймайтын,Шырайлы қыз-көз жанары өткір,бет-әлпеті балбұл жанған,тәні шымыр.Сұлу қыз-сөзі өткір,өзі пысық,өрескелдікті сүймейтін,болмашыға пісіп-күймейтін,келбетті.Ару қыз-бет пішіні,дене мүсіні келіскен,сөзі сыпайы,өзі әдепті,сұңғақ бойлы,терең ойлы.Ажарлы қыз-дене бітімі жинақы,тығыршықтай,сөзі салмақты,ісі тиянақты.Әсем қыз-жүзі жылы,өзі ұяң,тәні нәзік.

Олай болса,Қыз бала тәрбиесі  тақырыбына байланысты бейнекөрінісімізге  назар аударайық.

Осында отырған қыздарымыз бұл бейнекөрініс туралы не ойлайды екен,қыздарымыздың ой-пікірлерін білсек...

Қыздарымызға сұрақ: Ой толғау Сұрақтар

1.Қазақ отбасында қыз баланы қалай тәрбиелеген?

Жауап:Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі тәрбие.Ата-ананың міндеті-жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын,адамшылық,адамгершілік,инабаттылық сыйлау қасиеттерін сіңіру.Әсіресе қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады.Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған,оның көңілін қалдырмаған,оған қарсы сөйлемеген,оны мәпелеп өсірген және де қатал ұстап,оның тәрбиесіне ереше көңіл бөліп қараған.

2.Қыздарға байланысты қандай тыйым сөздерді білесің?

Қыздарымыздың ибалы  хәм иманды,тәрбиелі болуына пайдасы тиер деген оймен ес біліп,етек жиған әрбір қыз өзі барған әрбір үйде мынадай қырық істен тыйылу керек немесе барған үйлері тыю керек деп қараған.Олар:Жарыса сөйлеуге,жалғыз қыдыруға,бақаларға қол тигізуге,өтірік өсекке,кісіге қарай керіліп есінеуге,талтайып отыруға,шалқайып жатуға,үлкендердің жолын кесіп атын атауға,ұрыс-керіске,әдепсіз сөзге,алдап-арбауға,қызғаншақтық пен күншілдікке,менмендік пен өзімшілдікке,кісіні қорлап жәбірлеуге,шектен тыс сыланып жасануға,түнде суға жалғыз баруға,салт-дәстүрден аттауға,түске дейін ұйықтауға,тамақты обырлана асауға,бұраңдап қылмысуға.т.б.Бұл тыйым сөздердің мағынасын түсініп есте сақтау қажет.

Бүгінгі дөңгелек үстелімізге аналарымыз,ұстаздарымыз келіп отыр.Осы кісілердің ой-пікірлерін тыңдайық.

Ұлағатты ұстаз ___________ апай мына бейнекөріністі көре отырып,қазіргі кезде қыз балалардың тәрбиесінде алаңдататын қандай нәрселер бар деп ойлайсыз?

Жүргізуші.Тәңірінен болғанымен таңғы асы

                      Аналардан бастау алар ар басы-дей келе бүгінде асыл ана,аяулы әже атанып отырған  Мақтагүл апай:Сіздердің кездеріңізде қыздардың тәрбиесі қандай еді?Қазіргі ақпараттық кезеңдегі қыз бала тәрбиесінің айырмашылығы неде?Бөліскен ойыңызға рахмет.Сіздің айтқан әңгімеңізден біз талай нәрсе ұққандай болдық.Сізге шығармашылық табыс тілейміз.

Жүргізуші:____________ апай қызыңыз сізбен еркін сырласа ала ма?

Жүргізуші:Мектеп өмірінде тәрбие шарасына қыздар көп араласады.Ұл мен қыз тәрбиесінің айырмашылығы неде деп ойлайсыз?-____________апай.Сөз кезегі өзіңізде.

Сұрақ:Гүлбаршын апай Мектебіміздегі қыздардың тәрбиесіне көңіліңіз тола ма?

Жүргізуші:Ортамызда қыз бала өсіріп келе жатқан жас аналарымыз отыр соларға қыз тәрбиесінде қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?-Клара апай.

Жүргізуші:_____________Ата-бабамыздың тәрбиесі мен қазіргі тәрбиенің айырмашылығы бар ма?Бар болса неде?

Осындай ақыл-кеңестеріңізбен,өз ойларыңызды бөліскендеріңіз үшін сіздерге рахмет.

Дана халқымыз: «Қыз өссе-жердің көркі», «Шешесі отырып,қызы сөйлегеннен без», «Қызым саған айтам,келінім сен тыңда» демекші,ата-бабаларымыз қыз баланың тәртібі мен тәлім-тәрбиесін жоғары бағалап,қыздарды адамгершілікке,ізгілікке,әдептілікке,ар-ұяттылыққа,нысаптылыққа,мәдениеттілікке,тәртіптілікке,еңбекшілдікке,сұлулыққа,сымбаттылыққа баулып отырған.Әрбір ата-ана Аллах тағаладан жақсы перзент беруін тілейді.Сол баланы тәрбиелеу,оны жетілдіру өте маңызды.Дініміз Исламда бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі.Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай дейді: «Кімде-кім үш қыз өсіріп,оларға жақсы тәрбие берсе және оларды жақсы жерге тұрмысқа берсе,жақсылық жасаса,Аллах тағала ол кісіні жәннатына кіргізеді».

 Бүгін біз қыз бала тәрбиесіне қатысты көптеген ойларымызды ортаға салдық,ендігі кезек «Жағдаяттан қалай шығасың?» ситуациялық сұрақтар

1.Сен көшеде өтіп бара жатырсың.Көшеде екі оқушы бала төбелесіп тұр.Сен оларға не айтасың немесе қасынан өтіп кете бересің бе?

2.Сен қоғамдық орында келе жатырсың.Алдыңнан екі қыз темекі тартып,жерге қоқыстарды лақтырып келе жатыр.Сен қандай күйде боласың?Қоқыстарын қоқыс жәшігіне саласың ба?Қандай әрекет жасайсың?

3.Қыз бала тәрбиелеуде мектеп пен отбасының қайсысының міндеті көбірек,неліктен?

4.Сен университетке асығып,кешігіп бара жатырсың.Университетке жетуіңе бір ғана аялдама қалды.Автобустан бұрынғы оқушы кезіндегі мұғаліміңді көрдің,бірақ ол кісі сені байқамады.Сен не істер едің?Барып амандасасыңба немесе автобустан түсіп жүре бересің бе?

5.Сен үйде жалғызсың.Бір мезетте саған достарың кинотеатрға барайық деп телефон шалды.Сен ата-анаңа звандап ескертейін десең телефондарын үйге тастап кеткен.Сен не істейсің?Ескертпей кете бересің бе немесе үйде қалып қоясың ба?

Бүгінгі «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» атты дөңгелек үстелге алтын уақыттарынңызды бөліп,өздеріңіздің құнды пікірлеріңізбен бөліскендеріңіз үшін рахмет

«Қыз-ұлттың жаны» демекші,ата-аналардың аяулысы,құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы,даламыздың гүлі,өміріміздің сәні бола беріңіздер!

Жасөспірім шақта отбасында сааналы тәрбие,мектепте сапалы білім алып,қоғамның жеке дербес тұлғасы ретінде қалыптасып,келешекте білікті маман болып,елінің дамуына өз үлесін қосатын азаматшалары атанулары тиіс қой деген қорытынды пікірге келіп бүгінгі «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» атты дөңгелек үстелімізді келесі бейнероликпен аяқтаймыз.

«Ә.Қастеев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қызға айтар ақыл бар

                                         (семинар-тренинг)

                                                          Мектеп психологтары:Найманбай М

                                                                                                 Беделбай Ғ.Б

]]>
«Қызға айтар ақыл бар»

admin Mon, 16 Jan 2023 10:55:10 +0600
Отбасы махаббаты неде ата-аналармен жұмыс https://kasteev-panfilov.mektebi.kz/main/118-otbasy-mahabbaty-nede-ata-analarmen-zhmys.html https://kasteev-panfilov.mektebi.kz/main/118-otbasy-mahabbaty-nede-ata-analarmen-zhmys.html Тренинг тақырыбы: Отбасы махаббаты неде?

Тренинг мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамашасы отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін түсіндіру. Бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу. Бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.

Тренинг барысы:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

«Таныстыру» жаттығу.

Бейнеролик (әке 1сағатынды сатып алайыншы).

Ой пікір

Релаксациялық жаттығу

Ситуациялық сұрақтар

Сүйіспеншілік

-Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!

Бүгінгі біздің «Отбасы махаббаты неде?» атты тренингімізге қош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі –баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табысы.

Баланы бастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң.

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек,- дегендей, баланың ыстық-суығына күйетін ата-ана жоқ шығар.

Бүгінгі ұл –ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.

Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші ата-ана.

«Танысу» жаттығу.

Өз баламыздың есіміне жақсы көретін қасиетін қосып өзінізді таныстырыңыз. Мысалы: ақылды Сымбаттың анасы Айгул.

Бейне ролик.

Видеода балаға көңіл бөлінбей әкесінің 1 сағат уақытын сатып алмақшы болағы баяндалады.

Ой пікір(талқылау).

Ата-аналар бейне роликтен алған ой пікірлерін талқылайды.

Релаксациялық жаттығу.

• Көзімізді жұмамыз, айналамыз тып – тыныш, ыңғайланып отырып алыңыз.

• Сізге өте жайлы, тып – тыныш, сіз тек менің даусымды естіп тұрсыз. Сіз келе жатырсыз, алдыңызда орман шықты, көз алдыңызға елестетіңізші: яғни қалың орман ба, әлде сирек орман ба – оны өзіңіз таңдайсыз...

• Сіз келе жатырсыз, келе жатырсыз – алдыңызда жол бар, сіз сол жолмен келе жатырсыз – сол жол кең бе, әлде тар ма, - оны өзіңіз таңдайсыз.

• Келе жатырсыз – алдыңызда әмиян (кошелек) көрдіңіз, ол әмиянды аласыз ба, әлде алмайсыз ба – оны да өзіңіз білесіз.

• Сіз келе жатырсыз – алдыңызда үлкен қақпа тұр. Ол қақпадан секіріп өтесіз бе, әлде ашып кіресіз бе немесе айналып өтесіз бе – оны да өзіңіз шешіңіз.

• Сіз әлі келе жатырсыз, алдыңызда үй көрдіңіз. Ол үйге кіресіз бе, әлде кірмей, айналып қасынан өтесіз бе - өзіңіз біліңіз.

• Сіз келе жатырсыз, алдыңызда құмыра көресіз, құмыраны аласыз ба, әлде алмайсыз ба – оны да өзіңіз біліңіз.

• Келе жатырсыз – алыстан бір үйір жылқы көресіз. Сол жылқыға жақындап барасыз ба, әлде айналып өтіп кетесіз бе? - өзіңіз шешіңіз.

• Енді алдыңыздан өзен көресіз – ол өзен жәй толқынмен ағып жатыр ма, әлде шулап тасып жатыр ма? – оны да өзіңіз таңдаңыз.

Жауабы .

Орман – ол Сіздің проблемаларыңыз, яғни алда кездесетін орман сирек болса, онда Сіздің проблемаларыңыз сирек болады, одан тез өтесіз. Егер қалың орман таңдасаңыз – алда қалың, үлкен проблема тұр.

Жол – Сіздің кеңдігіңіз немесе тарлығыңыз – таңдаған жолыңызға сәйкес келеді.

Әмиян – ол Сіздің ақшаңыз, Сіз әмиянды алсаңыз алдағы уақытта Сіздің ақшаңыз көп болады. Егер әмиянды алмасаңыз – қаржы жағынан қысыласыз

Қақпа – қиындықтан өтуіңіз, қақпаны ашып кірсеңіз -қиындықтан жәй өтесіз, яғни төзесіз, ал секіріп өтсеңіз – қиыншылықтан қиналмайсыз. Ал айналып өтсеңіз, қиыншылықтан қашасыз.

Үй – ол өзіңіздің жанұяңыз, яғни Сіз үйдің адамысыз немесе үй шаруасына жоқсыз.

Құмыра – ол Сіздің ата – бабаңыздың байлығы.

Жылқы – аттың қасына жақындасаңыз, Сіз бақытты адамсыз. Айналып өтсеңіз - өз бақытыңыздан айналып кеткеніңіз.

Өзен – ол жәй болса, сіздің мінезіңіз жайлы болғаны. Ал шулап, тасып жатырса – Сіздің қаттылығыңызды білдіреді.

Ситуациялық сұрақтар.

1. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай : «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсын», деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

2. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?

3. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер , балабақша жасындағы бала күніне көптеген сұрақтар қоятын көрінеді. Мысалы: түн неге қараңғы? Күн қайда кетті? Ұшақ қалай ұшады?...деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?

4. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

5. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келеді, не істейсіз?

6. Балаңыз мектептегі бір мұгаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес бересіз?

7. Сіздің балаңыз топтағы жақсы оқитын балалардың бірі, алайда бір күні тәрбиеші балаңызды үлгірімі нашар балалармен алып қалды, сіздің іс-әрекетіңіз?

8. Балаңыздың тәртібі жайлы білгіңіз келіп, балабақшаға келіп тұрсыз. Балаңыздың тәрбиешісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?

9. Сіздің тұңғышыңызды атасы-мен әжесі бауырына басқан. Тәртібі қиындап кеткен соң, өздерің қадағалағдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?

Сүйіспеншілік.

Бір әйел үйге кайтып оралғанда, есіктің алдында үш ақ сақалды қарт адамды көреді. Бұрын олардың ешбіреуін көрмеген және танымаған. Әйел оларға: «Бұрын сіздерді еш таныған емеспін, үйіме кіріңіздер, тамақтың дәмін көріңіздер»-деді. “Үйдің иесі үйде ме?” – деп сұрады қарт адам. Әйел: “Жоқ”- дегенде, қарт адам: “Онда үйіңізге кіре алмаймыз”- деп жауап берді. Кешке үйдің иесі келген де, әйелоған күндіз болған оқиғаны түсіндірді, және бұл үш қарттардың әлі есіктің алдында күтіп отырғаны айтты. Әйелдің күйеуі: «Енді мен үйіме келдім, олардың күтіп отырғанымды айт»-деді. Әйел барып қарт адамдарды үйге шақырды. «Біз негізінен үйге үшеуміз бірге кірмейміз» - деді қарт адамдар. Әйел оның себебін сұрағанда, қарт адам басқаларын көрсетіп: «Оның аты-байлық, келесінің аты-табыс, ал менің атым-сүйіспеншілік»-деп жауап береді. «Қазір бар, күйеуіңмен ақылдасыңдар, деп сөзін бітірді. Әйел үйге келіп күйеуіне айтылғандарды түсіндіреді. Күйеуі бұл жағдайға қатты қуанады. «Солай болса, байлықты үйге шақыр!» - деді. Үйдің келіні бұл айтылғандарды естіп: «неге сүйіспеншілікті үйге шақырмасқа!?» - деді. Әйелі: «Неге табысты үйге шақырмаймыз?» - деп сұрады. Үйдің иесі: «Жарайды келіннің айтқанын істейік, бар сүйіспеншілікті үйімізге шақыр. Ол біздің қонағымыз болсын» - деді. Әйел қайтадан сыртқа шығып: «Кім араларыңызда сүйіспеншілік болса, оны үйімізге шақырамыз» - деді. Сүйіспеншілік тұрып үйге қарай барады. Бірақ артынан басқа екі қарт та тұрып, үйге қарай жүре бастады. Әйел түсінбей, байлық пен табысқа қарап: «Кешіріңіз, біз тек қана сүйіспеншілікті шақырдық!» - деді. Екі қарт кісі әйелге қарап: «Егер сіз тек

байлықты немесе табысты ғана шақырғанда, қалған екеуіміз сыртта қалатын едік». «Бірақ сіз сүйіспеншілікті шақырдыңыз, сүйіспеншілік барған жерге бізде барамыз»,-депді. «Сүйіспеншілік бар жерде, байлық та табыс та болады», - деді қарт кісі.

Қорытынды.

Қорыта келе отбастарыңыздан сүйіспеншілік, табыс, байлық, махаббат арылмасын.

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой-өлкесі,- деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.

Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық.

«Ә.Қастеев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлкеттік мекемесі

«Отбасы махаббаты неде?»

Тренинг-жаттығулар

                                       Мектеп психологтары:Найманбай М

                                                                                Бердыгулова А.Н

«Ә.Қастеев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Анықтама

    Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамашасы отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін түсіндіру, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу, бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарылауына ықпал ету мақсатында 6-7 сынып оқушыларының ата-аналарымен «Отбасы махаббаты неде?» тақырыбында тренинг-жаттығулар жүргізілді.Тренинг барысында:

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

«Таныстыру» жаттығуы

Бейнеролик (әке 1 сағатыңды сатып алайыншы)

Ой пікір

Релаксациялық жаттығу

Ситуациялық сұрақтар

Сүйіспеншілік   жаттығулары жүргізілді.

Қорытынды ата-аналар тренингке белсенділікпен қатысып,өз ойларын ашық білдірді.

 Мектеп психологтары:Найманбай М .Бердыгулова А.Н

]]>
Тренинг тақырыбы: Отбасы махаббаты неде?

admin Mon, 12 Dec 2022 10:53:41 +0600